В приложении удобнее читать обсуждения, отвечать и получать уведомления.
Қыздар, өте маңызды сұрақ Менің кішкентай қызымның плагиоцефалия болғандай көрінеді? Интернетте оқып, суретін қарадым. Сәйкес келеді( Басы оң арт жағынан сопақ. Құлақтары сәйкес емес. Маңдайы жантайған. Оңға бұрылып жатады. Сол жаққа бұрғанды ұнатпайды. Осыдан мойыны қисайғандай. Басын тура ұстай алмайды. Алла шүкір, бетінің асимметриясы жоқ. Ортопедиялық жастық алдым. Одан ештеңе өзгермеді( Басының пішінін қалай түзеуге болатынын оқыдым. Интернетте әр баланың жеке-жеке жасалған арнайы шлемдер бар екенін тапқанмын. Алматыда бар-жоғын тексердім. Бағасы 620 000 теңге, Карл, 620 000 теңге! Есі шығатындай. Бұны өзіміз көтере алмаймыз. Өте қымбат болғандықтан! Мұндай астрономиялық баға қайдан шықты? ___ Енді айтыңыздаршы, кімдер мұндай мәселемен кездескен және қалай шешті? Шлемсіз түзетуге болама? Массаж істесе болады ма? Тағы не істесе болады? Көмектесіңізші! Не істерімді білмеймін? ___ суретте оның басының пішіні сол жақтан