В приложении удобнее читать обсуждения, отвечать и получать уведомления.
Сәлем. Сіздерден 1 жастағы балаларға жасалатын вакцина туралы сұрағым бар. Сіздерде немесе таныстарыңызда осы вакцинадан ауыр салдары болды ма? Мен вакцинацияға қарсы емеспін, 1 жасқа дейін барлық вакцинаны жасатып отырмыз. Бірақ 1 жастағы ауыр вакцина (КПК) туралы есіткенмін. Танысымның денсаулығы мықты баласына вакцина жасалған соң, дұрыс емес мінез-құлық байқалып, зерттеу жүргізген соң, ақыры ДЦП деген диагноз қойылыпты. Себебі балаға мына вакцина күшті тиіпті.