В приложении удобнее читать обсуждения, отвечать и получать уведомления.
Қызбалар, бүгін қан талдауын тапсырдым. Гематокритім төмен шықты. Қалыптысы 36-45 аралығы. Менікі 35,9. Яғни 0,1-ге ғана төмен. Сіздердің де осындай болды ма? Не істедіңдер? Дәрігерге 21-де ғана бара аламын. Интернетті оқып, темір тапшылығы, анемия деп қатты қорқып қалдым, бірақ менде тек 0,1-ге ғана төмен. Иә, және 2 күн дұрыс ештеңе жемегендіктен де болуы мүмкін.