Балалар неліктен жиі ауырады? Бала иммундық жүйесінің дамуында "критик...

4 года назад Doctor Нур-Султан

Балалар неліктен жиі ауырады? Бала иммундық жүйесінің дамуында "критикалық" кезеңдер, яғни иммундық жүйе функциясының жеткіліксіздігіне байланысты инфекциялық аурулардың дамуының максималды қаупі болатын кезеңдер бар. Иммунитеттің қалыптасуының 5 критикалық кезеңі бар: ❗️Бірінші критикалық кезең 28 күнге дейінгі жастық кезеңге тиесілі, ол балалардың иммундық жүйесінің басылып тұратынымен сипатталады. Иммунитет енді пассивті сипатта болып, ана сүтінен алынған аналық антиденелермен қамтылған. Сонымен бірге өз иммундық жүйесі басылып тұрады. Фагоцитоз жүйесі дамымаған. Микробтық-қабыну процестерінің жайылуына, сепсистік жағдайларға бейім. Балалар вирустық инфекцияларға өте сезімтал, оларға аналық антиденелермен қорғалмаған. ❗️Екінші критикалық кезең 4-6 айлық жастық кезеңге тиесілі, ол аналық антиденелердің жойылумен шартталған. Жергілікті иммунитет жүйесінің жеткіліксіздігі қайталама ЖРВИ, ішек инфекциялары және дисбактериоз, теріні зақымдайтын аурулармен көрінеді. Балалар респираторлық синцитиалды вирусқа, ротавирусқа, парагрипп вирустарына, аденовирустарға өте сезімтал (тыныс алу ағзаларының қабынуы, ішек инфекциялары).Көптеген тұқым қуалаушылық аурулар дебюттейді, оның ішінде бірінші реттік иммундық тапшылықтар. ❗️Үшінші критикалық кезең баланың екінші өмір жылына келеді. Бұл баланың сыртқы ортамен байланысының айтарлықтай кеңеюімен (жүру, құлау, ұстау, әлемді тану) байланысты. Жергілікті иммунитет жүйесі толық қалыптаспаған. Сондықтан балалар вирустық және микробтық инфекцияларға әлі де сезімтал қала береді. Осы кезеңде көптеген бірінші реттік иммундық тапшылықтар, аутоиммундық және иммундық-кешенді аурулар (гломерулонефрит, васкулиттер және т.б.) алғаш рет көрінеді. Балалар тыныс алу органдарының, ЛОР-органдардың қайталанбалы вирустық және микробтық-қабыну ауруларына бейім. Осының бәрінен шығатыны, 2 жасқа дейінгі балалар балалар ұжымында болуға әлі дайын емес. ❗️Төртінші критикалық кезең 4 пен 6 жас аралығында келеді, онда IgG және IgM қандағы орташа концентрациясы ересектер деңгейіне жетеді, бірақ қандағы IgA деңгейі соңғы мәнге жетпейді (IgA жергілікті иммунитетті қамтамасыз етеді). Қан плазмасындағы IgE деңгейі басқа жас кезеңдерімен салыстырғанда ең жоғары болып келеді, бұл кейбір дәрежеде бұл кезеңде жиі кездесетін паразиттік инфекцияларға – лямблиоз, гельминтоздарға байланысты. Бұл ретте сарысулық IgA деңгейі нормадан төмен болып қала береді. Бұл көптеген полигенді табиғаттағы созылмалы аурулардың қалыптасу қаупі болып саналады. Аллергиялық патология күшеюі мүмкін. ❗️Бесінші критикалық кезең қарқынды гормондық қайта құрылым фонында (қыздарда 12-13 жас, ұлдарда 14-15 жас аралығында) орын алады. Жыныстық гормондардың секрециясының жоғарылауымен бірге лимфоидтық органдардың көлемі азаяды. Жыныстық гормондардың секрециясы жасушалық иммунитет буынын басады. Белгілі бір құлдырауынан кейін созылмалы қабыну, сондай-ақ аутоиммундық және лимфопролиферативті аурулардың жиілігі артады. Атопиялық аурулардың (бронх демікпесі және т.б.) ауырлығы көптеген балаларда уақытша әлс

Комментариев Пікірлер: 0
Понравилось Ұнатулар: 6
Supermoms қосымшасында көбірек талқылаулар Қосымшаны жүктеу

Қосымшадан посттар

Бұл пост жүкті әйелдер мен аналарға арналған Supermomsclub қосымшасында жарияланған. Жауап беру немесе сұрақ қою үшін қосымшаны орнатыңыз
Қосымшаны бірнеше кликпен орнатыңыз

Бұл жазбаларды SUPERMOMS CLUB қосымшасында оқыңыз — жүкті әйелдер мен аналарға арналған ең танымал қосымша!