В приложении удобнее читать обсуждения, отвечать и получать уведомления.
Қыздар, мұнда тәтті жейтіндер бар ма? Бірінші триместрде мүлдем тәтті жей алмадым, ал қазір тәтті болмаса шәйді де ішпеймін. Достарым балада диатез болады деп қорқытады, сондықтан мазаммын жоқ. Соңғы уақытта бәрі мені қинай бастады, достарымның қолдауы жоқ, тек сынайды. Мен жүктілік кезінде қалаған нәрсені жеймін, салмағым да артпайды, бірақ достарым ішімді тыймауым керек деп сынайды. Кішкентай нәрсе екеніне қарамастан, бұл мені қинайды. Тыныштық сақтадым, маңызды емес деп өзіме айттым, бірақ бүгін шыдамым таусылды, ешкіммен де сөйлескім келмейді. Витамин ішпегенім, күйеуіме ішуге бермегенім, ақылы дәрігерлерге бармағанымыз үшін, үйде отырғанымыз үшін де ми жегізеді.